Алматыда инватакси енді тәулік бойы жұмыс істейді
Алматыда тіркелген 3100 мүмкіндігі шектеулі адамның 2215-і «Инватакси» қызметін белсенді тұтынады. Бұған дейін тек күндіз қызмет көрсетіп келген «Инватакси» қызметі енді түнде де қолжетімді болады, деп жазады Egemen.kz.Қалалық прокуратураның талдау нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында «Инватаксиге» сұраныс түнгі уақытта да жоғары екені анықталған. Өйткені азаматтар түнде де шұғыл медициналық мекемелерге жүгінуі ықтимал.
Осы қолайсыздықтарды жою мақсатында уәкілетті орган шарттарға қосымша әзірленген келісімдерге қол қойды. Енді «Инватакси» қызметін белсенді қолданатын 2215 адам оны тәулік бойы қолдана алады.






