Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев: Қазақстанда креативті индустрияның әлеуеті жоғары

Тоқаев: Қазақстанда креативті индустрияның әлеуеті жоғары

Тоқаев: Қазақстанда креативті индустрияның әлеуеті жоғарыПрезидент елімізде табысты бизнеспен айналысуға қолайлы жағдай жасалғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
«Мұны барлық шетелдік бақылаушы мен маман мойындап отыр. Креативті индустрия секілді жаңа секторларды дамыту арқылы экономиканың көкжиегі кеңейеді. Халықаралық қаржы институттарының есебіне сәйкес, аталған сегмент әлем бойынша жыл сайын 2 триллион доллардан аса табыс әкеле алады, сондай-ақ 50 миллионнан астам жұмыс орнын ашуға қауқарлы», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басышының сөзінше, бірқатар дамыған елде, мәселен, АҚШ-та, Ұлыбританияда, Корея Республикасында креативті индустрия ішкі жалпы өнімнің 2-ден 7 пайызға дейінгі көлемін қалыптастырады.
«Сарапшылардың бағалауынша, креативті индустрияға салынған әр доллар қосылған құнның 2,5 долларын құрайды. Қазақстанда креативті индустрияны өркендетуге айтарлықтай әлеует бар. Біздің жастарымыз өте шығармашыл, олардың мінезі де, менталитеті де соған сай келеді. Алайда еліміздің ішкі жалпы өніміндегі бұл сектордың үлесі 1 пайыз ғана», деді Президент.
05 желтоқсан 2025 ж. 20 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031