Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Facebook балаларға арналған қосымшаны таныстырды

Facebook балаларға арналған қосымшаны таныстырды


Facebook корпорациясы балаларға арналған мессенджерді іске қосуда. Messenger Kids деп аталатын жаңа қосымша ата-аналарға балалары кіммен әңгімелесіп жатқанын толығымен бақылауға мүмкіндік береді. Бұл туралы дүйсенбі күні әлеуметтік желінің сайтында хабарланды. «Бүгін АҚШ-та Messenger Kids жаңа қосымшаның таныстырылымын өткіземіз. Қосымша арқылы балалар алыстағы ата-аналарымен видеочатпен байланысып, отбасымен және достарымен хат алмаса алады», - делінген таратылған хабарламада. Атап өтілгендей, қосымша баланың смартфонына немесе планшетке орнатылады. Ата-ана мессенджерді, ондағы достардың тізімін өз аккаунты арқылы бақылайды.  Осылайша, балдырғандар әке-шешесі мақұлдаған адамдармен ғана сөйлесе алады. Сондай-ақ жаңа қосымшада жарнама мүлдем жоқ. Қосымшаның мақсатты аудиториясы - Facebook ережесіне сай бұған дейін жеке аккаунтын ашуға тыйым салынып келген - 13 жасқа дейінгі балалар. Бүгінгі күні қосымша тек АҚШ аумағында ғана қолжетімді.
08 желтоқсан 2017 ж. 1 680 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031