Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанның тұжырымдамасы

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанның тұжырымдамасы

Науқанның ұраны: «Балалық шақ – мейірімділік мекені»
Ақпараттық науқанның мақсаты: балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне қоғамның назарын аудару, балаларға қатысты қатыгездікке төзуге болмайтын қоғамның қарым-қатынасын қалыптастыру.
Ақпараттық науқанның міндеттері: қоғамның, оның ішінде үлкендер мен балалардың қатыгездікпен қарау мәселесі және оның бала мен қоғам үшін зардаптары туралы;
Осы салада халықаралық және ұлттық заңнама негіздері туралы хабардарлығын арттыру;
Еліміздің кез келген аймақтарында тілшілерді балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездікпен қарау мәселелерін жариялауға тарту.
Ақпараттық науқанның ерекшеліктері: республикалық ақпараттық науқан аясында мемлекеттің әр аймағын облыстардың, үкіметтік емес ұйымдары төменде көрсетілген бағыттар бойынша іс-шаралар өткізеді:
1) Балаларға қатысты қаты­гез­дікпен қарау мәселелеріне қо­ғам­ның назарын аудару және бала­лар­ға берілмеу туралы ақпарат қатыгездікпен танытудың, тәр­биелеудің зорлық әдістеріне жол тарату – балаларға көмек көрсететін қызметтер туралы білім беру ұйымдар туралы ата-аналар мен оқушыларға арналған тақырыптық ақпараттық стендтерді рәсімдеу және жаңарту, мақалаларды жариялау, БАҚ-да сұхбат, ақпараттық материалдарды әзірлеу және тарату, флеш-мобтарды, дебаттық турнирлерді, пікірталас алаңдарды аутрич-компанияларды, тақырыптық көрмелерді, фото-конкурстарды үздік эссе конкурстарды (жеңімпаздардың жұмыстары ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ресми сайтында жарияланады), тақырыптық семинарларды, сынып сағаттарын ұйымдастырып өткізу.
2) Ата-ана жауапкершілігін насихаттау – ата-аналар және балаларға арналған құқықтық жаппай оқытуды ұйымдастыру, балалар мен ата-аналармен ата-аналар жиналыстарын, консультациялық, психокоррекциялық жұмыстарды, кинотеатрларда фильмдердің қайырымдылық көрсетілімдерін ұйымдастыру, ата-аналарға арналған семинар-тренингтер өткізу;
3) Балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездікпен қарау жағдайларда көмек көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету және тиімділігін арттыру – отбасында зорлық-зомбылық туралы дабылға әрекет ету бойынша көшпелі мобилдік топтың жұмысын ұйымдастыру, әлеуметтік қауіпті жағдайдағы балаларды және отбасыларды анықтау мақсатында кең ауқымды ведомствоаралық рейдтерді өткізу, білім басқармаларындағы, бөлімдеріндегі сенім телефондары, «150» ұлттық телефон желісі арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балалар мен отбасыларға арналған «қызу желі» қызметін ұйымдастыру, анонимдік кеңес беру, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) кабинеттерінде ашық есік күндерін ұйымдастыру.
Іс-шаралардың медиа-сүйемелдеуі, анонстардың, тақырыптық роликтердің шығарылуы жоспарлануда.
27 қараша 2017 ж. 3 363 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930