Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік органдардың журналистік сауалға жауап беру мерзімі қысқарды

Мемлекеттік органдардың журналистік сауалға жауап беру мерзімі қысқарды


Бұдан былай мемлекеттік органдар журналистердің ресми сауалына 7 күн ішінде жауап беруге міндетті болады. Мәжіліс депутаттары осындай өзгерісті көздейтін заң жобасын мақұлдады. Бұған дейін өткен төменгі палата отырыстарында «БАҚ туралы» заңның жай-жапсары талқыланып, бірқатар толықтырулар енгізу үшін екінші оқылымға қалдырылған еді. Осыны ескерген үкімет, мемлекеттік мекемелердің журналистік сауалға қысқа мерзімде жауап беру ұсынысын қолдап, заң жобасын жетілдірді. «Оған қоса қандай да бір оқыс оқиға кезінде керекті ақпарат 3 сағаттың көлемінде берілуі тиіс» дейді Мәжіліс депутаттары. Айта кетейік, құжатқа енгізілген тағы бір жаңашылдық – балаларға арналған бағдарламалар арасында жарнама мүлдем көрсетілмейді.   Бейбіт Мамраев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Адам өміріне қауіп төнетін жағдай болғанда мемлекеттік органдар оқиғаның жай-жапсарына қатысты мәліметтерін 3 сағаттың ішінде жариялауы тиіс. Бұл кез келген ақпарат көзінен жылдам әрі дәлме-дәл дерек алуға мүмкіндік береді. Мұндай талап елімізде алғаш рет заң жүзінде енгізіліп отыр.    Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:  - Жаңа заңнама бойынша балаларға арналған бағдарламаларда, білімге арналған бағдарламаларда жарнама болмайды.
24.kz
24 қараша 2017 ж. 1 252 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9084)

21 наурыз 2023 ж.

№22 (9083)

18 наурыз 2023 ж.

№21 (9082) 3-4

14 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам