Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жылаңқы" балалар қалай пайда болды?

"Жылаңқы" балалар қалай пайда болды?


 5-7 сынып оқушыларының психологиясы жас жеткіншек кезеңді қамтиды. Бірақ өз ұстанымын қатаң айтатын, бірақ сабырсыз балалардың болашағы шынында да алаңдатады. Қыз баланың ұл балаға қарағанда ерте жетілетінін ескерсек, өз отбасындағы әрекеттері тым белсенді. Ал сыныпта тым ұялшақ, бірақ өз талаптарын орындатқыза алатын қырсық мінездері де байқалады. Кейбір жеткіншектер ата-анасының сөздерінен асып кете алмайды. Өзіндік пікірі қалыптаспаған ұл балалардың пікір білдіруде жасқанатынын, екіұшты пікірден аспай, бір тоқтамға келе алмай дал болатыны да байқалады. Әдетте олар өз айтқаны орындалмаған кезде, бірден ашуланып, жылап-сықтап, "өнер" көрсете салады.           Сонымен, "жылаңқы" әлсіз балалар қалай пайда болды? Және олардың осылай қалыптасуына кім кінәлі? Біріншіден, өз талаптарын қатаң орнатқысы келетін ата-аналар кінәлі деп есептеймін. Бала мектепке барған шақтан ата-анасы оның болашақтағы мамандығы, киетін киімі, сөйлейтін сөзі мен барып-келетін уақытына шейін тізбектеп отырады. Яғни ол балада жеке тұлға ретіндегі іштегі эгоизмді өз туыстары "өлтіріп" тастаған. Іштен енді оянып келе жатқан дара ойы мен ұстанымы осылай тұншығып қалады да, ынжық, жылаңқы балалар қалыптаса бастайды. Ата-анасына қайтара алмаған реніші мен ызасын өзге адамдардан: сыныптасы, досы, ұстазы, тәрбиешісі сияқты адамдардан алуға кіріседі. Бұл ащы шындық болып тұр.   Бұл ретте ата-ананың өз баласына деген қатаң талаптарын орнымен қолданғаны дұрыс. Үнемі баланы бақылауда ұстау, өз сөзінің шеңберінен шығармау-баланың психологиясына әсер етуде. Мектептегі сабақ барысындағы жағдайларды да тізбектеп сұрайтындары бар. Баланың көзінше "қойшы, сол апайыңды, түк те білмейді" жата қалып сөгіп жамандайды. Баланың бойындағы ұстазға, сыныптастарына деген құрметті өздері қолдан өшіреді. Сондықтан да алдымыздағы отырған баланың үлкеннің сөзіне құлай аспайтыны. Басынан сөз асырмайтын, өз кемшілігін саралай білмейтін заржақ, мылжың, жүйке жүйесі әлсіз балалар қалыптасуда. Ойланайықшы осы турасында....

Massaget.kz
18 қаңтар 2018 ж. 1 599 0