Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар адам ағзасын жиі улайтын қарапайым тағамның 8 түрін атады

Ғалымдар адам ағзасын жиі улайтын қарапайым тағамның 8 түрін атады


Дүкен сөрелерінен  пайдалы азық-түлік өнімдерін алуға тырысамыз. Бірақ, зерттеу нәтижесінде күнделікті пайдаланып жүрген ең қарапайым деген тағамдар адамның улануына себеп болатыны белгілі болды. Stan.kz адам ағзасына зиян келтіру қаупі бар тағам түрлерінің тізімін жасады.

Қоғам қызығушылықтары ғылыми орталығының қызметкерлері 12 жыл бойы статистикаға талдау жасады. Олар адамның улануына алып келетін тағам түрлерін атады. Жасыл салат бірінші орында тұр. Ол 13 568 аурудың ішінде 363 рет улануға себеп болды. Сондықтан, сыртынан жақсы қапталған немесе пайдалануға жарамды деген жазу болса да қолданар алдында мұқият болған жөн.Тауықтан жұғатын қоқысы бар жұмыртқа сальмонелла вирусын жұқтырады. Бұл әсіресе балалар, егде адамдар және иммунитеті әлсіз адамдарға өте қауіпті. Егер оның сырты таза болмаса пайдаланыар алдында  жууға 1 минуттай уақыт жұмсаңыз.Адам улануы үшін құрамында кампилобактер бактериясы бар шикі тауық етінің суы жеткілікті. Ол ас қорыту жүйесін бұзып, лихорадка ауруын туғызады. Біз етті қолымызға ұстап, алжапқышқа, үстеле апарғанда ондағы зиян бактериялар барлық жерге таралады. Сондықтан етті сатып алғаннан кейін бөлек тақтайға кесіп, пайдаланылған пышақты қайнаған сумен жуып, қауіптің алдын алыңыз.Балықты дұрыс сақтамай немесе мұзынан дұрыс жібітпесеңіз улы скомбротоксин ақуызы пайда болады. Ол улану, бөртпе, құсу, іштің ауыруы, диарея, тахикардия және көру қабілетінің жоғалуына алып келеді. Мұзды балықты жібітер кезде ауа жіберіп алмай тоңазытқыштың төменгі сөресіне жылжытамыз. Салмағы 2 кг болатын балық жібу үшін 24 сағатты алу мүмкін.Ірмішіктерде улы заттар болмайды. Бірақ, өндіріс кезінде оның құрамы улануға алып келетін өзгеріске ұшырайды. Егер ірмішік сүзілмеген сүттен жасалатын болса бруцеллез және листериоз ауруларын жұқтыру қаупі бар. Сондықтан ірмішік сатып аларда маркасына қарап, тексеріп алғаныңыз жөн.
27 желтоқсан 2017 ж. 1 662 0