СПИД - ғасыр індеті
СПИД – адамзат баласына төнген ғасыр дерті. №156 Н.Бекежанов атындағы қазақ орта мектебінде 18 мамыр күні 8-9-10 сыныптар аралығында «СПИД – ғасыр індеті» тақырыбында ғасыр індетінен көз жұмғандарды еске алу мақсатында іс-шара өткізілді. Шараға аудандық СПИД орталығының маманы Талғат Досаев шақырылды. Іс-шара барысында мектеп аяжаны Гүлжамал Ахатова СПИД індетінің таралу бағыттары, одан сақтану жолдары туралы оқушыларға нақты мағлұматтар берді. Биология пәні мұғалімі Роза Қожай тақырыптық слайдтармен таныстыра отырып, СПИД індеті туралы оқушылардың сұрақтарына жауаптар беріп отырды. Әр сынып өзінің «Ұмытпаймыз, білеміз, жеңеміз!» ұранымен тақырыптық қабырға газеттерін шығарды.
Басты байлық – денсаулық. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші кейінгі ұрпақтың СПИД қармағына ілінбей, жарқын болашаққа нық қадаммен аяқ басуына бір кісідей атсалысайық ағайын!
Гүлжамал Ахатова,
№156 Н.Бекежанов атындағы қазақ орта мектебі аяжаны.