Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көне мұра көзден кетпес

Көне мұра көзден кетпес



Адамзат еңбегімен жер бетінде жасалған материалдардың, рухани игіліктердің,үлгі нұсқаулардың әр-алуан саласын зерттеп, жинақтаушы, сақтаушы және сол тарихи ескерткіш мұраларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп насихаттап отыратын орындардың бірі ол – музей.
Осындай мәдени орындарымыздың төл мерекесі 18 мамыр күніне орай музей қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында 18 мамыр Халықаралық музейлер күніне орай №156 Н.Бекежанов атындағы қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімдері Ибаділда Сариев пен Серікхан Маманов және №47 М.В.Ломоносов атындағы лицейдің бейнелеу өнері пәні мұғалімі Бағдат Сариевтың шығармашылық жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды. Шиелі ауданның 90 жылдығына орай Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Б.Нұрекеевтің «Қаламы сырды сөйлеткен» туындыларынан, музей қорындағы зергерлік бұйымдардан «Ұста қолы жәдігердің таңбасы» тақырыбындағы көрмелерді ашық есік күні ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары тамашалап, өз әсерлерімен бөлісті. Іс-шара барысында №156 Н.Бекежанов атындағы мектеп оқушылары Нартай атамыздың өлеңдерін жатқа айтса, «Нартай сазы» фольклорлық ансамблі өз өнерлерін көрсетті. Өз туындыларын әкелген ұстаздарды және өнерлерін көрсеткен оқушыларды Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музейінің директоры Ғ.Көшекбаев алғыс хатпен марапаттады.
Ж.УТЕЕВА,
Н.Бекежанов атындағы мемориалдық өнер музейінің
ғылыми қызметкері.
28 мамыр 2018 ж. 2 464 0