Емі жоқ дерттен абай бол!
ХХ ғасырдың індеті атанған Вич/Спид, яки, адамның иммунитет тапшылығының вирусы және жұқтырылған иммунитет тапшылығының синдромы төңірегіндегі қорқыныш уақыт өткен сайын үдей түсуде. Емі табылу былай тұрсын, жыл сайын оның шырмауына миллиондар шырмалуда. Өрімдей жастар, бір тағдырлар тажал құрбанына айналу үстінде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, 40 млн-нан астам адам ЖИТС ауруын жұқтырған. Көбінесе бұл дертке 19 бен 49 жас аралығындағы жандар шалдығады екен. Ендеше, атынан адам үркетін тажал тарихы қайдан басталған? Жалпы, емі жоқ дерт туралы не білеміз?
Бір кездері Рашид Нұғымановтың «Ине» киносы қазақ көрермені арасында біраз талас-тартыс туғызған еді. Дегенмен, режиссердің негізгі ойы қоғам дерті – нашақорлықты көрсету еді. Сондай бір көркем шығармаға сұранып тұрған тағы бір проблема – СПИД. Уақытында «Қара құрлық» – Африка мен шеткері аралдарда ғана таралған бұл дерт қазақ арасын да жайылып кетті.

1 желтоқсан – Бүкіл дүниежүзілік ЖИТС індетіне қарсы күрес күні болып белгіленген. Әлемдік медицина таңғажайып әсері болатын вакцина іздестіру үстінде. Дегенмен, әзірше сырқаттың белгілерімен ғана күресуге тура келеді. Дәрігерлер бәрінен бұрын тәуекелді топқа 15-49 жас аралығындағы жастарды енгізіп отыр. ЖИТС-қандай да бір белгілері бар сезілмейтін науқас. Сонда да осы мәселемен айналысып жүрген мамандардың айтуынша, тыныс алу жолдары: асқазан, орталық жүйке жүйесі барынша осал келеді. Көз бен құлақтың зақымдалатыны да байқалады. Орталық жүйке жүйесінің зақымдануының салдарынан ақыл-ес кемістігі бой алдыруы ықтимал. Нәтижесі белгілі азапты өлімге ұласады.
Сырқат Сыр елінде де көбейіп барады
Хош. Енді АИТВ – инфекциясының індеттік ахуалы мен аймақта таралу көлемі мен ерекшелігіне тоқталсақ. Ресми статистикалық мәліметке сүйенсек, 2021 жылдың 31-қазанына дейін елімізде 45887 АИТВ жұқпасы тіркелсе, оның 2497-сі шетел азаматтары. Ал, Қызылорда облысы бойынша 244 адам тіркелсе, оның 34-і шетел азаматтары екен. Жалпы жыл басынан бері өңірде 26 жағдай тіркелген.

Бізде өз кезегінде ғасыр дерті жайлы толығырақ зерттеу мақсатында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі аудандық филиалының меңгерушісі Анафия Сәдуақасты сөзге тарттық. Маманнның айтуынша, АИТВ жұқпасы – қоздырғышы АИТВ болып табылатын антропоноздық созылмалы жұқпалы ауру. АИТВ жұқпасы кезінде иммундық жүйе біртіндеп бұзылып, оппортунистік жұқпалар бас көтеріп, ақырында ЖИТС пайда болады. Ал, ЖИТС дегеніміз – 1 немесе бірнеше СПИД индикаторлық аурулар пайда болған АИТВ жұқпасының ең соңғы терминалдық сатысы.
– Негізінен АИТВ – инфекциясы білінбей өтетін дерттің түрі. Вирус адам ағзасына ауыз қуысы сілекелейлері, тері арқылы, инфекция жұқтырған адамдармен жеке гигиена заттарын бірге пайдаланған жағдайда жұғады. Бұдан бөлек жұғудың бірнеше түрі бар. Олар; қорғаныссыз жыныстық қатынас арқылы, АИТВ жұқтырған нашақормен бірге тамыр арқылы есірткі тұтыну кезінде. АИТВ жұқтырған жүкті әйелдің ішіндегі ұрыққа не жүктілік кезінде сәбиге жұғуы мүмкін. Одан бөлек, бүгінгі таңда сән салоны көптеп ашылуда. Мұнда татуировка, пирсинг, маникюр, педикюр жасату кезінде стерилденбеген құралдар пайдалану кезінде жұғу ықтималдығы жоғары – деді меңгеруші. Сондай-ақ, ғасыр індеті саналатын дерттен сақтанудың, алдын-алу жолдарын түсіндіру мақсатында түрлі іс-шаралар мен ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізіп жатқандығын тілге тиек етті. Оның бір көрінісін Жастар ресурстық орталығындағы жастармен кездесу барысында аңғарған болатынбыз.
Шиеліде 17 АИТВ жұқпасы тіркелген
ХХ ғасыр обасының ең көп дерегі аудандар арасында Шиеліде тіркеліп тұр. Мәселен, көршілес Жаңақорған ауданында 14, Арал мен Қармақшыда 12, Қазалыда 15 адамнан сырқат анықталса, Қызылорда қаласының өзінен 102 адам індет жұқтырып отыр. «Адам қорқатын бұл статистика жыл сайын артпаса кемімей тұр» деп дабыл қағуда мамандар. А.Сәдуақастың мәліметіне сүйенсек, ауданда тіркелген 17 адамның 4-уі жұмысшы, 1-уі әскери қызметкер, 6-уы жұмыссыз, 1-уі зейнеткер, 4-уі жүкті әйел, 1-уі бір жасқа дейінгі сәби. Бұл ауру жасқа да, әлеуметтік статусқа да қарамайды дейді ол. Тақырыпты түйіндей айтқанда, аты жаман ауру қаладан далаға да келді. Яғни, ауыл-аймақтарда тіркелу дерегі орын алуда. Бұл салауатты өмір салтын серік етіп, сақтық шараларына барынша қырағылық таныту керектігін айғақтайды.

Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ