Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактика – басты міндет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактика – басты міндет

Сыбайлас-жемқорлық пен күрес! — Человек и ЗаконҚазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Осы ретте Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі тарапынан ашықтықты қамтамасыз ету, заңдылықты сақтау және азаматтардың сенімін арттыру мақсатында жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Бөлім қызметінің негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу.
Бөліммен 17 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Техникалық инспекция саласы бойынша барлығы 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның ішінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 3 түрі (куәлік беру, техникалық паспортпен нөмірлік белгі беру, техникалық байқау) электрондық Үкіметінің www.elicense.kz веб-порталы арқылы және 1 түрі (кепілге алу) жергілікті атқарушы органымен қағаз түрінде өтінім қабылдау арқылы көрсетіледі.
Жер қатынастары саласы бойынша барлығы 13 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның ішінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 11 түрі электрондық Үкіметінің www.elicense.kz веб-порталы арқылы және 2 түрі жергілікті атқарушы органымен қағаз түрінде өтінім қабылдау арқылы көрсетіледі.
Осыған байланысты барлық қызметтер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, белгіленген мерзімдерде және ашық түрде көрсетіледі. Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау үшін электрондық форматтағы қызметтердің үлесі артып, адами факторды азайтуға ерекше көңіл бөлінуде.
Сонымен қатар бөлімде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады. Қызметкерлер арасында семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіліп, әдеп кодексінің талаптары мен заң талаптарын сақтау мәселелері кеңінен талқыланады. Әрбір мемлекеттік қызметші өз қызметінде адалдық, әділдік және жауапкершілік қағидаларын ұстануы тиіс екендігі үнемі назарда ұсталады.
Азаматтармен кері байланысты нығайту да маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Осы мақсатта сенім телефондары жұмыс істейді (35-1-19), сондай-ақ азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары мұқият қаралады. Әрбір келіп түскен арыз-шағым заң аясында қаралып, тиісті шаралар қабылданады.
Бұдан бөлек, бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, олардың алдын алу бойынша нақты шаралар жоспары бекітіледі. Бұл жұмыстар мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға және қоғам сенімін нығайтуға бағытталған.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, ашық әрі әділ қызмет көрсету қағидаларын берік ұстанатын болады.

Мадина КЕНЖЕБАЕВА,
Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы
және жер қатынастары бөлімінің
бас маманы
04 мамыр 2026 ж. 45 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

№30 (9397).

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031