Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АЙМАҚТЫҚ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ: ІШКІ ТАЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ

АЙМАҚТЫҚ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ: ІШКІ ТАЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ

«AMANAT» партиясының Шиелідегі филиалының мәжіліс залында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық кеңестің көшпелі отырысы өтті. Оған кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев, партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, партиялық бақылау инспекторы Алтынбек Жарылқасынов, аймақтық кеңес мүшелері, Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Бақтияр ­Ахметов, Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысы Ғалымжан Каримов, көршілес аудандардың салалық бөлімдерінің басшылары мен жауапты өкілдері қатысты.


Жиынның күн тәртібінде Мемлекет басшысы Жолдауынан туындайтын міндеттер, «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдардағы «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бағытындағы жұмыстар қаралды. Алдымен Шиелі және Жаңақорған аудандары әкімдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарған жұмыстары талқыланды. Кеңес төрағасы Мақсұт Ыбрайханұлы: – Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында «Заң және тәртіп» – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры екенін атап өтті. Қоғамда осы қағиданы түбегейлі орнықтыру үшін барлық құзырлы орган арасында ортақ көзқарас пен ұстаным болуы тиістігін алға тартты. Мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмысын барынша қолдау қажет. Сонда ғана елімізде құқық бұзушылыққа, озбырлық пен зорлық-зомбылыққа қарсы сана-сезім қалыптасады, қоғамға жат кез келген әрекетке төзбеушілік пайда болады, – деп атап көрсетті. Жиында алдымен Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Бақтияр Ахметов хабарлама жасады. Ол есепті кезеңде ауданда сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық іс-әрекет орын алмағанын тілге тиек етіп, жыл басынан бері атқарылған істің легін тарқатты. – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасы және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша бүгінгі таңда 24 жеке консультациялық көмек берілді. Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның 3 отырысы өтіп, онда 6 мәселе қаралды. Сонымен қатар жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сай 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізу кестесі бекітіліп, қорытындысымен мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді зерделеу барысында 14 тәуекел анықталды. Нәтижелері әкімдіктің ресми сайтына және «Битрикс 24» ақпараттық жүйесіне ­орналастырылды, – деді Бақтияр Ахметов. Жаңамқорған ауданы әкімінің орынбасары тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында да түрлі әлеуметтік жоба іске асырылып жатқанын жеткізді. – Бұл жобалар аясында жыл көлемінде барлығы 30 ісшара өткізу жоспарланған, бүгінгі күнге дейін 21 іс-шара ұйымдастырылды. Әрбір шарада ашық пікір алмасуға және тікелей түсіндіру жұмыстарына басымдық берілді. Жыл басынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбында 11 мемлекеттік қызметкер біліктілігін арттырды. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауданда жүргізілген сауалнама қорытындысымен «Сіз аудандағы сыбайлас жемқорлық деңгейін қалай бағалайсыз?» деген сауалға тұрғындардың 23 пайызы – «Сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен» десе, 35 пайызы – «Сыбайлас жемқорлық мүлде жоқ» екенін көрсетті. Жалпы бұл бағыттағы жұмыстарға аса мән беріліп, нақты іс шаралар қабылданатын болады, – деді Бақтияр Ахметов. Шиелі ауданына келсек, аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырыстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта өзекті мәселелер тұрақты түрде қаралып келеді. Халықпен тиімді кері байланыс орнату мақсатында аудан бойынша барлық мекемеде «Оpen space» форматы қолданысқа енгізілген. Аудандық «Өскен өңір» газетіне тоқсан сайын жергілікті атқарушы органдардың және құқық қорғау органдарының «Сенім» телефон нөмірлері мен жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестелері жариялануда. Барлық мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарына арналған пошта жәшігі орнатылған. Атқарылған жұмыстарды баяндаған аудан әкімі аппаратының басшысы Ғалымжан Каримов сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстарының қорытындысымен де бөлісті. – Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, аудан әкімінің тапсырмасымен барлық дербес бөлімдердің қызметтеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде жыл басынан аудан әкімі аппараты мен 9 дербес бөлімге ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп, 16 тәуекелдер анықталып, тиісті жұмыстар жасалды, – деді. Жиында кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді жан-жақты талқылап, маңызды ұсыныстар ортаға салынды. Өз кезегінде сөз алған партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова өткен жылы қос ауданда да білім салаларында орын алған жемқорлық фактілерін тілге тиек етіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін әрбір сала бойынша ішкі талдау жұмыстарын күшейту қажеттігін айтты. Сонымен қатар жиынға қатысушылар тарапынан әлеуметтік жобалар аясында аудандарда «Ашық алаң» форматында пікірсайыстар ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған деректі және көркемсуретті фильмдер түсіру ұсынылды. Жиын қорытындысы бойынша барлық ұсыныс хаттамаға енгізіліп, жергілікті атқарушы органдардың, республикалық кеңестің, басқа да тиісті мекемелерге жіберілетін болды.

Айдар БАҚЫТЖАНҰЛЫ
22 қазан 2025 ж. 31 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031