Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

"AMANAT" партиясы Шиелі аудандық филиалының мәжіліс залында Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.
Партиялық бақылау комиссиясының отырысына аудандық мәслихат төрағасы, «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы мен мүшелері, арнайы шақырылған дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Комиссия отырысын «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мырзабеков Насырбек Аябекұлы ашып, жүргізіп отырды.
Комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес төрт мәселе қаралды.
1. 1) «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының мәдени объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бағыты бойынша Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының есебі;
2) «Арт Спорт» бағдарламасының мәдениет саласында іске асырылу барысы туралы.
2. Сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша Алмалы және Бәйгеқұм ауылдық округтері әкімдерінің есебі.
3. «АртСпорт» бағдарламасының спорт саласында іске асырылу барысы.
4. «АMANAT» партиясы Сайлауалды бағдарламасының Жол картасында көзделген Шиелі ауданы, Еңбекші ауылдық округі, Қосүйеңкі елді мекені тұрғындарының таза ауыз сумен қамтамасыз етілуі туралы резонанстық мәселе қаралды.
Партиялық бақылау комиссиясының отырысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша барлық хабарламалар тыңдалып, комиссия мүшелері тарапынан маңызды сұрақтар қойылып, хабарламашылар жауаптарын берді.
Комиссия отырысының нәтижесімен тиісті шешімдер қабылданып, хаттамалық тапсырмалар берілетін болады.
29 сәуір 2025 ж. 85 0