КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ, МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ
Өткен аптада «AMANAT» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Комиссия отырысын партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Насырбек Мырзабеков ашып, жүргізіп отырды. Жиынға партия филиалының атқарушы хатшысы, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы мен мүшелері, бөлім басшылары мен ауылдық округі әкімдері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес, жиында төрт мәселе ұсынылды. Атап айтсақ, бірінші мәселеде «AMANAT» партиясының 2023- 2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасының өнеркәсіп пен кәсіпкерліктің дамуы туралы кеңінен талқыланды. Мұнан соң сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша Ортақшыл және Жуантөбе ауылдық округтері әкімдерінің есебі тыңдалса, үшіншіден партиялық бақылау комиссияның алда тұрған міндеттері жайлы сөз қозғалды. Ал соңғы төртінші мәселеде аудандық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясының 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Партияның негізгі міндеттерінің бірі – халық пен билік арасындағы сенімді нығайтып, кері байланыс орнату. Бұл бағытта партияның облыстық және қалалық, аудандық филиалдарында жергілікті атқарушы органдар басшылары арнайы кестеге сәйкес қабылдаулар өткізіп келеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шаралары ретінде мемлекеттік аппараттың азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуіне назар аударды. Бұл ретте, тек тыңдап қана қоймай, көтерілген мәселелерді шешу үшін жүйелі жұмыс жүргізу маңызды екенін ескертті. Сондай-ақ күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша түскен ұсыныстар алдағы уақытта партия назарында болады.
Айнұр ИБРАШ,
Сурет Бақытжан БӘЙІМБЕТ