БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелері бүгін, Партияның сайлауалды бағдарлама аясында құрылысы жүріп жатқан Иіркөл ауылдық округі, Жансейіт елдімекенінде мемлекет қаржысына құрылысы салынып жатқан 100 орындық білім нысанының жұмыстарына бақылау жұмыстарын жүргізді.

Бақылау бекеті орнатылған бұл нысан сапасын комиссия мүшелері бұған дейін де бірнеше рет келіп бақылау жұмыстарын жүргізген болатын. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстары алпыс пайызға орындалып, қарқынды жүруде. Нысан құрылысы биыл қыркүйек айында пайдалануға берілмек.
Жұмыс барысында комиссия мүшелері нысанның сыртқы қоршауына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар мен құрылыс жұмысының сапалы әрі тиянақты жүруін, жұмыс кестесінен кешіктірілмеуін басты назарда ұстап, мұның барлығы партия бақылауында болатынын ескертті.
Алдағы уақытта да сайлауалды бағдарлама аясында салынып жатқан құрылыс нысандары, құрылыстың уақытылы әрі сапалы орындалуы жолында партиялық бақылау комиссиясы үнемі бақылау жұмыстарын жүргізіп отыратын болады.

