ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ: ПАРТИЯ МҮШЕЛЕРІ МЕКТЕПТЕРДІ АРАЛАДЫ
Жылу беру маусымының қалыпты өтуін қамтамасыз ету әлеуметтік нысандар үшін маңызды міндеттердің бірі. Әсіресе білім беру ұйымдарында жылудың тұрақты берілуі оқушылар мен ұстаздардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алуына тікелей әсер етеді.Осыған орай «Әділет» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Жібек Баймұратова және партия мүшелері жылу беру маусымының тұрақты әрі сапалы өту барысын бақылау мақсатында тиісті сала басшыларымен бірге бірқатар білім беру нысандарын аралады.
Аралау барысында мектептердің жылыту жүйелерінің қазіргі жай-күйі, қазандықтар мен жылу жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі, жылудың сынып бөлмелеріне біркелкі берілуі, қауіпсіздік талаптарының сақталуы және санитарлық жағдайы жан-жақты зерделенді.
Жылу беру маусымының қауіпсіз әрі үздіксіз өтуі үшін жауапты мамандардың жұмысы жүйелі түрде ұйымдастырылып, білім беру нысандарындағы жылу жүйелерінің жағдайы тұрақты бақылауда болады.
Басты мақсат – білім беру ұйымдарында оқушылар мен ұстаздарға қауіпсіз, жылы әрі қолайлы жағдай қалыптастыру және жылу беру маусымын қалыпты өткізу.







