Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ: ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ: ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Өңірде алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт қаупін азайту бағытында тиісті шаралар атқарылуда.
Осыған байланысты бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында жылу беру маусымына дайындық барысы, коммуналдық инфрақұрылымның әзірлігі және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы жөнінде сала мамандарының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Бейбітхан Спановтың айтуынша, жылу беру маусымы қарсаңында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстар күшейтілген.
«Қазіргі таңда әлеуметтік осал топқа жататын азаматтардың 5 864 тұрғын үйін аралау жұмыстары жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, апаттық деп танылған 69 көппәтерлі тұрғын үй бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қарастырылып, жылыту пештері мен электр жүйелерін жөндеу мәселелері пысықталуда», – деді Бейбітхан Оразайұлы.
Өткен жылу беру маусымында жергілікті бюджет есебінен тұрғын үйлерге 484 табиғи газ және 100 көмірқышқыл газын анықтайтын датчик орнатылған.
Алдағы кезеңде тұрғын үйлердің жылыту түрлері бойынша нақты тізімді жаңарту, әлеуметтік осал отбасылардың үйлеріне газ датчиктерін орнату, елді мекендерде өрт қауіпсіздігі жөніндегі ақпараттық материалдарды орналастыру жоспарлануда.
Сондай-ақ тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын түсіндіру жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер мен LED-экрандар арқылы тұрақты түрде жүргізілмек.
25 тамыз 2026 ж. 3 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (9432)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930