Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

"AMANAT" партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова, партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Насырбек Мырзабеков, аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Нұргүл Шалекеева және комиссия мүшелері кент орталығындағы білім беру ошақтарының жылу маусымына дайындығын пысықтап, партиялық мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Бақылау барысында қазандық жабдықтарының қысқы жылыту маусымына дайындығы, қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталуы, автоматты басқару және дабыл беру жүйелерінің жұмыс істеу қабілеті назарға алынды.
Сондай-ақ мекеме қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, тиісті мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетіндігі туралы ескертілді.
10 қыркүйек 2025 ж. 53 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930