AMANAT: ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ВОКЗАЛДЫҢ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Шиелі кентіндегі теміржол вокзалының ғимаратын күрделі жөндеу және аумақты абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.

Партиялық бақылау жұмысына аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Насырбек Мырзабеков, атқарушы хатшы Жібек Баймұратова, аудандық мәслихат депутаты Нұргүл Шалекеева, "Жастар Рухы" жастар қанатының Шиелі аудандық бөлімше басшысы Азамат Қали, филиал консультанты Біржан Өтебай қатысты.
Өз кезегінде партия филиалының Атқарушы хатшысы мен партиялық бақылау комиссиясының мүшелері теміржол вокзалы тозығы жетіп, пайдалануға жарамсыз деп табылғанын айтып, вокзалдың жөнделуі өте орынды екенін атап өтті.
Шиелі теміржол вокзалы 1903 жылы салынып, соңғы күрделі жөндеу жұмысы 2012 жылы жүргізілген. Жолаушыларды қабылдау қабілеті 150 - 200 адамды құрайды.
Айта кетейік, Қазіргі таңда мердігер мекеме «Дәнекер құрылыс компаниясы» ЖШС, жобалаушы мекеме «СК Ризалит» ЖШС. Тапсырыс беруші "Қазақстан темір жолы" ҰК"АҚ. Жалпы жаңа теміржол вокзалы жыл соңына дейін пайдалануға берілуі қажет.
#AMANAT
#КРК
#мониторингКПК