Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАПТЫ

МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАПТЫ

«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Болат Сыздық, аудан әкімінің орынбасары Бағлан Сағындықов, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Насырбек Мырзабеков, комиссия мүшелері Исабек Байкенжеев, Мәден Әлжанов партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова кент әкімінің орынбасары Қанат Рахман аудан тұрғындарының өтініштері бойынша арнайы барып, бақылау жұмыстарын жүргізіп, шешу жолдарын қарастырды. Кездесу барысында тұрғындар өздері үшін аса маңызды түрлі мәселелерді ортаға салды. Талқыға түскен мәселелердің қатары коммуналдық салаға бағытталды. Шиелі кентінің тұрғындары канализация мәселесі туралы қозғады. Шиелі станциясы локомотив депосының бригадаларының демалатын орынның қасындағы канализация құбырының нашар жұмыс істеуі салдарынан, кәріз жүйесімен келген су сыртқа шығып, жағымсыз иіс тұрғындарды мазалайтындығын жеткізді.  Кездесу соңында партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мәселені назарға алып, талқылап, нәтижесінде демеушілік тарапынан 200 дік 50 метр полиэтилен трубасын қойып беретін болды. Мәселе толық шешімін тапқанша партияның бақылауында болады.

29 тамыз 2024 ж. 86 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031