БІЛІМ НЫСАНЫНА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАСАЛДЫ

Бұл нысан құрылысын мердігер мекеме «Ахат+ГС» ЖШС-гі жүргізуде. Құрылысты жүргізу мерзімі 15.03.2024 - 24.08.2024 ж. Үш қабаттан тұратын бұл ғимараттың, қазіргі таңда екінші қабатының жұмыстары басталған. Нысанды осы жылдың тамыз айында іске қосу жоспарланып отыр.
Партиялық бақылау барысында облыстық фракция мүшесі
Д.Жұмбеков құрылысты жүргізіп жатқан мердігер мекеменің өкілдеріне құрылыс материалдарының сапалы болуын, жұмыс күшін көбейтуді және құрылыс жұмыстарының баяу жүрмеуін, құрылыстың сапалы жасалып, уақытылы аяқталуын, өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарауды қатаң тапсырды.

Қосымша жаңа мектеп құрылысын аралап, жұмыс сапасын көзбен көрген комиссия мүшелері құрылысшыларға мектептің құрылысын жүргізу үшін мүмкіндіктер көп екенін айта келе, атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы орындалуы керектігін, ескертті.
Филиал төрағасы Б. Сыздық Сайлауалды бағдарламалардың орындалуына партиялық бақылау жасау, әлеуметтік маңызы бар нысан құрылыстарының іске асырылу барысына үнемі қоғамдық бақылау мен партялық бақылау жұмыстарын күшейту жалғасын таба беретіндігін атап өтті.
#AMANATФилиал төрағасы Б. Сыздық Сайлауалды бағдарламалардың орындалуына партиялық бақылау жасау, әлеуметтік маңызы бар нысан құрылыстарының іске асырылу барысына үнемі қоғамдық бақылау мен партялық бақылау жұмыстарын күшейту жалғасын таба беретіндігін атап өтті.
#KPK
#PPKAMANAT

