Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КӨШПЕЛІ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КӨШПЕЛІ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда «Руханият» орталығында «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті көшпелі отырысы өтті. Жиынды комиссия төрағасы Насырбек Мырзабеков жүргізіп, аудандық мәслихат төрағасы, аудандық филиалдың төрағасы, комиссия мүшелері, күн тәртібіндегі сұраққа байланысты жауапты мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты. Партиялық бақылау комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес екі мәселе ұсынылды.
1. Ардагерлерге көрсетілетін әлеуметтік қолдаулар мен көмектер туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Баймағанбетов Даулет Әлмағанбетұлы
2. Ардагерлерге көрсетілетін медициналық қолдаулар мен көмектер туралы Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Курбангалиева Гүлмира Валиуллақызы баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. Партиялық бақылау комиссиясының отырысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша барлық хабарламалар тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды. Аталған мәселелер бойынша комиссия төрағасы Н.Мырзабеков қорытындылап, сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

01 сәуір 2025 ж. 440 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031