Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

АУДАН ӘКІМІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


Аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі» комиссия отырысы болып өтті. Бұған аудан әкімінің орынбасары, комиссия мүшелері мен әйелдер кеңесінің төрайымдары, ауылдық округ әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды комиссия төрағасы Бауыржан Жаниязов жүргізіп, ең алдымен жиналғандарды отырыстың күн тәртібімен таныстырды. Комиссия отырысында күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес амбулаториялық емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Ж. Абдусаметов «Ана мен бала денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында атқарылған жұмыстары туралы» хабарлама жасаса, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Ж. Әбенов «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарлама аясында әйелдердің жұмыспен қамтылуы туралы», ал аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Баймұратова «Аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырыстарында қаралған және жоспардағы мәселелердің орындалуы туралы» хабарлама жасады. Комиссия отырысының соңында аудан әкімінің орынбасары Б. Жаниязов мәселелер бойынша сауалдар қойып, арнайы тапсырмалар берді.
22 қыркүйек 2018 ж. 2 474 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930