ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі» комиссия отырысы болып өтті. Бұған аудан әкімінің орынбасары, аталмыш комиссия мүшелері мен ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымдары, ауылдық округ әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды комиссия төрағасы Болатбек Ысмағұлов жүргізіп, ең алдымен жиналғандарды отырыстың күн тәртібімен таныстырды. Күн тәртібіне сәйкес жиында балалар мен жасөспірімдер және жастар арасында суицид, жыныстық қол сұғылмаушылық фактілерінің алдын-алу мақсатында атқарылған жұмыстары жайлы аудандық білім бөлімі басшысы Б.Сейілхановтың хабарламасы, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу профилактикалық жұмыстар жөнінде «Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің» жергілікті полиция қызметінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны Ф.Сақтағанованың хабарламасы тыңдалды. Комиссия отырысының соңында аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов мәселелер бойынша сауалдар қойып, арнайы тапсырмалар берді.