Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасындағы зорлық-зомбылық қоғамға қауіпті

Отбасындағы зорлық-зомбылық қоғамға қауіпті



Кейбір әйелдер үшін өзінің ошағы көшеден де қауіпті. Егер сізге осы уақытқа дейін күйеуіңіз тарапынан қиянат жасалған болса, онда сіздің өміріңіз қатер үстінде. Зорлық-зомбылықтың құрбанына айналмас үшін, өзіңіздің қауіпсіздігіңіз туралы ойланыңыз.
Отбасындағы зорлық-зомбылық – қоғамның өзекті әрі өткір мәселесінің бірі. Алайда, осы мәселенің шешім табуы құқықтық, әлеуметтік және экономикалық шараларды бір уақытта қабылдаған жағдайда ғана мүмкін болмақ.
Көп жағдайда көрші есіктің ар жағында әйелдің соққыға жыққанына сену қиынға түседі. Осындай он жағдайдын тоғызында зорлыққа айыпты еркек болып шығады. Көбінесе бұл еркек жапа шеккен әйелдің күйеуі немесе көңілдесі, бірақ кей кезде ұлы, әкесі, бұрынғы күйеуі немесе отбасының өзге де мүшелері болып шығуы мүмкін.
Бәрімізде отбасындағы зорлық-зомбылықтың куәгері болып жүрміз. Әрқайсысымыз құрбымыздың көзінің көгеріп жүргенін көрген шығармыз немесе көрші үйден шығып жататын айқай-шуды да естідік. Бірақ «ерлі-зайыптының арасына есі кеткен түседі» деген мақалға сүйеніп, отбасылық кикілжіңдерден бойды аулақ салуға ұмтыламыз. Сондықтан, ондай жағдайларға бей-жай қарамаңыздар.
Құрметті әйелдер!
Егер, сіз немесе сіздің жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраса, онда үнсіз қалмаңыз. Сіз өзіңіз тұратын мекен-жайыңызға қарасты учаскелік полиция пунктіне немесе М.Шоқай көшесі, №5, №30 кабинетте орналасқан әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобына хабарласа аласыз.
Естеріңізге 4-23-93 нөмірі бойынша сенім телефоны жұмыс істейтінін еске саламыз. Шалынған қоңыраулар құпия сақталады.

Ф.Сақтағанова,
Шиелі АІІБ-нің ЖПҚ-нің инспекторы, полиция капитаны.
26 ақпан 2018 ж. 3 260 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930