Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін, AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалы жанындағы бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Комиссия төрағасы Мырзабеков Насырбек Аябекұлының төрағалығымен өткен жиынға партия филиалының төрағасы Сыздық Болат Мүбаракұлы, комиссия мүшелері және бөлім басшылары қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде Шиелі ауданының экономика және қаржы бөлімінің "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында 2023-2024 жылдары атқарылған жұмыстарының есебі туралы мәселе қаралды. Бұл туралы сала басшысы Маратжан Жұмаділ толыққанды баяндама жасап, алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісіп, ұсыныстарын жеткізді.
Бақылау комиссиясының төрағасы Н. Мырзабеков; бағдарламаның жастар үшін тиімді екенін дәлелдеп келеді. Тіпті, уақыт өте келе жас маманның баспаналы болуына банктер де үлес қосуда. Мысалы, екі жылдан бері «Отбасы банк» бағдарламаның сенімді серіктесі ретінде айқындалды. Бұл бірлескен жоба жастардың тұрғын үй кілтін алуға септігін тигізуде. Бұл – бір. Екіншіден, бұдан былай құжатты жинау, өткізу уақыты үнемделіп, бағдарлама тетігі цифрлық форматқа көшті. Яғни, банк азаматтардың өтінімін онлайн түрде қабылдайды. Сондай-ақ бұл жоба шалғайдағы елді мекенді көркейту үшін білікті мамандардың тұрақтап қалуына жағдай жасайды.-деді!
Аталған мәселе комиссия мүшелерімен талқыланып, бірқатар ұсыныстар енгізіліп, қаулы қабылданды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға жазбаша ұсыныс беру жөнінде шешім қабылданды.
30 қыркүйек 2024 ж. 95 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031