Бас қосуда мәселелер бақыланды
Бұрнағы күні «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының мәжіліс залында аталған партияның аудандық филиалы жанындағы бақылау комиссиясының отырысы өтті.
Комиссия отырысына аудандық филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Ж.Баймұратова төрағалық етті.
Отырыстың күн тәртібінде алдымен ауданда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы өңірдегі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің жұмысы сараланды.
Атап айтқанда, 2017 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясында 494,6 млн. теңге болатын 20 жобаның пайыздық мөлшерлемесі субсидияланып, 96 адам жұмыспен қамтылған. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда жоба саны – 7 есеге, қаржыландыру көлемі – 32,7 есеге артқан.
Ал, гранттық қаржыландыру бойынша 15 жобаға 9 млн. теңге несие қаражаты беріліп, 17 жаңа жұмыс орыны құрылған. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы несие мен грант қаражаттарын алу жөнінен облыс бойынша 1 орынды иеленгендігін сала басшысы Ғ.Сейітов өз сөзінде атап өтті. Сонымен бірге, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының «Қаржылай емес қолдау» бағыты бойынша 2017 жылы 1207 адамға кеңес беріліп, «Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты» есепті кезеңде 252 кәсіпкерді қолдау шаралары жүргізілді. Бөлім тарапынан кәсіпкерлерге жылына 2 мәрте дөңгелек үстөлдер мен семинар кеңестер өткізілетін көрінеді.
Мұнан соң, 2017-2018 жылдардың қаңтар-ақпан айларында Әдеп жөніндегі кеңеспен қаралып, тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметтегі партия мүшелерінің тәртібін қарау туралы сөз қозғалды. Білгеніміздей, тәртіптік жауапкершілікке бес тұлға тартылған.
Аталған комиссия отырысында комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылдады.
Дина Әбіласан.