Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ілкімді істер іркілмейді

Ілкімді істер іркілмейді



«Өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру мақсатында 2017 жылы жалпы сомасы 32 миллиард теңге болатын 7200 шағын несие берілгеніне назар аударған Елбасы қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырды. Нәтижесінде шағын несие алатындардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып, 14 мың адамға жететін болады. Бастама мыңдаған адамға өз ісін ашуға мүмкіндік беретіндігімен маңызды. Бұл, әсіресе, ауыл-аймақтар үшін, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін айрықша маңызды.
Осы орайда, өткен 2017 жылы 4632 шағын кәсіпкерлік субьектілері тіркелсе, оның ішінде заңды тұлға-539, жеке кәсіпкерлер- 3587, шаруа қожалықтар-506 ға жетті. Ал, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» екінші бағыты бойынша ағымдағы жылы 202 адамды «Бастау Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланып, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқу курстарында 6 топта 202 азамат оқытылып,  «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша  141 азамат оқытылып, сертификаттарын алды. Мұнымен қоса, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Біріңғай бағдарламасы 2017 жылдың 12 айында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Біріңғай бағдарламасының аясында мемлекеттік гранттық қаржыландыру бойынша ауданнан 33 жоба ұсынылып, оның ішінде, жалпы құны 8 млн 964 мың теңгені құрайтын 15 жоба жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан 88 азаматқа 247,3 млн теңге несие алса, Өңірлік инвестиция орталығынан (РИЦ) 16 азамат 74,8 млн. теңге несие алды.
Шиелі ауданында да бұл бастама қолау тауып, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Рысбай Нысанханов.
«Атамекен» Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Шиелі аудандық филиалы директоры
06 наурыз 2018 ж. 1 468 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031