Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » кәсіпкерлікке қолдау танытқан Елбасы

кәсіпкерлікке қолдау танытқан Елбасы


Бүгін Елбасы Н.Назарбаев Парламент палатасының біріккен отырысында 2018 жылы жеке кәсіпкерлікті дамыту бағытында шағын несие көлемі екі есеге артатынын жеткізді.
«Төртінші бастама – шағын несиелеуді кеңейту. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен және жұмыссыз азаматтар арасында жеңілдігі бар шағын несие ұсыну ең тиімді механизим болып табылады. 2017 жылы 32 млрд теңгеге барлығы 7200 шағын несие бөлінген болатын. Оның өзінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқып шыққан 5 мың азамат өз істерін бастау үшін шағын несиеге қол жеткізе алмады.
Биыл қазақстандықтарға берілетін шағын несиені былтырғымен салыстырғанда 20 млрд теңгеге көбейтуді тапсырамын. Сонда оның жалпы сомасы жылына 52 млрд теңге болады. Нәтижесінде, несие алып, өз ісін бастайтын азаматтардың саны былтырғыдан екі есеге артып, 14 мыңға жететін болады. Шағын несиенің қандай пайдасы бар екенін біз осының өзінен көрдік. Әсіресе, ауылдағы ағайындарға, әр жанұяға, әсіресе, әйел адамдардың қолына беретін болса, биыл берген несие ендігі жылы қайтып келіп отырады, мыңдаған адам жұмыс алады», - деген Мемлекет басшысы бұл істі одан әрі дамыта беру керек екенін баса айтты.

Өскен өңір
05 наурыз 2018 ж. 1 561 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930