Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » AMANAT ШИЕЛІ: АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТТІ

AMANAT ШИЕЛІ: АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТТІ

«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова аудандық партия филиалының 2025 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне аудандық баспасөз орталығында брифинг берді.
«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалы құрамында 25 бастауыш партия ұйымы жұмыс жасайды. (2024 жылы 24 БПҰ болған). Оның ішінде 2 ірі бастауыш партия ұйымы. Жыл басында 5 786 мүше болса, қазіргі таңда жаңадан партия қатарына 97 адам қабылданып, 5 878 партия мүшесі бар.
Партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шиелі ауданы бойынша 2025 жылға арналған Жол картасында 54 іс-шара жоспарланған. Есепті кезеңге оның 18-і орындалып (33%), 36-ы орындалу сатысында, орындалмау қаупі бар шаралар жоқ.Есепті кезеңде Партиялық бақылау комиссиясының 4 отырысы өткізіліп, күн тәртібінде 16 мәселе қаралды. 27 ұсыныс айтылып, оның 22-сі (81,5%) орындалды. Қалғаны жұмыс барысында орындалуда.
Партияның аудандық мәслихаттағы фракция мүшелерінің 8-і Саяси кеңес мүшесі, 3-еуі Саяси кеңесінің Бюро мүшесі, 4-еуі Бастауыш партия ұйымының төрағасы және 4-еуі партиялық бақылау комиссиясының құрамында. Ағымдағы жылы аудандық филиалдың кезектен тыс 2 конференциясы, Саяси Кеңес Бюросының 4 отырысы, фракцияның 4 отырысы өткізілді. Жыл басынан бері 3 нысанға партиялық бақылау бекеттері орнатылды. (150 орындық Бестам ауылдық клуб үйі - 1, Шиелі кентіндегі дене-шынықтыру сауықтыру кешені - 1, Шиелі кентіндегі 30 төсектік жұқпалы аурулар ауруханасы-1). Нысандар 2025 жылы пайдалануға берілуі жоспарлануда. Партия филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесіне 268 өтініш тіркелген. Оның 115 (43%) бойынша оң шешім қабылданса, 153 (57%) мәселе бойынша кеңес берілді. Есепті кезеңде фракция мүшелерімен 39 қабылдау өткізіліп, 142 азаматтың мәселесі тыңдалды. Оның 92% оң шешімін тапты. Аудан әкімімен 2, аудан әкімінің орынбасарларымен 6 рет, мекеме басшыларымен 14 рет, партиялық бақылау комиссиясының төрағасымен 5 рет қабылдау жүргізілді. Ауданда 1 Республикалық, 9 ауылдық округте, 9 бастауыш партия ұйымында көшпелі мобильді қабылдау өткізіліп, 108 тұрғынның 93 өтініші қанағаттандырылды. Қалған 15 өтініш бойынша заң аясында түсіндірме берілді.

Сайлау науқаны кезінде тұрғындардан түскен 126 талап-тілектің 124 (98,4%) орындалды, қазіргі уақытта 2-еуі (1,6%) орындалу үстінде. (Шиелі кентінде автовокзал салу және Ақтоған ауылында №155 орта мектепке 50 орындық қосымша құрылыс салу) «ЖЕР АМАНАТЫ» жобасы бойынша жоспарланған 4 мың га. жердің 1009 га. қайтарылған. «АУЫЛ АМАНАТЫ» жобасы аясында Шиелі ауданына
2024 жылдың есебінен бөлінген 259 млн. 700 мың теңгені қамтитын 38 жоба қаржыландырылды. (Оның ішінде Шиелі кенті бойынша 20 жоба, 11 ауылдық округ бойынша 18 жоба жүзеге асырылуда). 2025 жылғы маусым-қыркүйек айлары аралығында 101 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» жобасы аясында ағымдағы жылдың 17 ақпаны мен 30 мамыр аралығында 15 аптада 732 адам офлайн (жоспар 717 адам, орындалуы 102%), 828 адам онлайн, барлығы 1 560 адам оқытылды. АҚПАРАТТЫҚ ЖҰМЫСТАР БОЙЫНША 106 материал БАҚ-да, оның ішінде Республикалық «Жібек жолы», «Астана», Облыстық «Qyzylorda» телеарналарында 9 рет, 664 материал әлеуметтік желілерде жарияланып, ақпараттандырылды.

Аудан бойынша 4 ауыл әкімінің сайлауы (жоспарлы 3, кезектен тыс 1 сайлау) өтіп, оған «AMANAT» партиясынан ұсынылған 2 ауыл әкіміне үміткер әкім болып сайланды. Қалған 2 үміткер өзін-өзі ұсынған партия мүшелері.
Жыл басынан бері 5 Бастауыш партия ұйымының төрағалары жаңадан сайланды. «Жаңатұрмыс» бастауыш партия ұйымы «Иіркөл» бастауыш партия ұйымының құрамына біріктіріліп, жаңадан «Ортақшыл» және «Бала би» бастауыш партия ұйымдары құрылды.

Тоқсанына бір рет бастауыш партия ұйымдарының жиыны өткізіліп тұрады.  Партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында 31 нысанға мониторинг жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, дәрі-дәрмек, жанармай бағаларына мониторинг жасалды. Партия филиалы қызметкерлері мен БПҰ мүшелерінің қатысуымен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, 829 адам қамтылды.

Есепті кезеңде партиялық жобалар аясында 236 шара өткізіліп, 3 476 адам қатысты. Оның ішінде партиялық жобалар аясында 44 шара трансферт есебінен 1 млн 729 мың 178 теңгеге қаржыландырылған. Жарнапұл 9 млн 725 мың 720,40 теңге (117,26%) орындалды. Нысаналы трансферт қаржысы 93,10 игерілді. Ауданда саяси ахуал тұрақты және күнделікті бақылауда, — деді Жібек Орынбайқызы.

01 тамыз 2025 ж. 97 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№56 (9323)

29 шілде 2025 ж.

№55 (9322)

28 шілде 2025 ж.

№54 (9321)

22 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031