Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының Бастауыш партия ұйымдарымен аппарат жиналысы өтті. Жиналысқа атқарушы хатшы Ж.Баймұратова, партия ардагері П.Маханбет, филиал қызметкерлері, Бастауыш партия ұйымы төрағалары мен хатшылары қатысты.
Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
1. «Мейірім», «Көкшоқы» бастауыш партия ұйымы төрағаларының жылдық есебін тыңдау
2. Бастауыш партия ұйымдарының кабинеттеріне зерделеу жүргізу жұмыстарының қорытындысы туралы
3. «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы қатысушыларының және жеңімпаздарының жұмысын талдау.
Күн тәртібі бойынша баяндамашылардың есебі тыңдалып, ұсыныс – пікірлер айтылды.
«Жалпы ауданымыздағы 24 бастауыш ұйымның жұмысы реттеліп келеді. Әлеуметтік желідегі парақшаларды әлі де күшейту, ұйымның жарнапұл түсімі, партияға жаңадан мүше қабылдау маңызды мәселе екенін естен шығармау қажет», - деді Ж.Баймұратова.
Бастауыш партия ұйымы төрағалары мен хатшыларының ұсынысымен есеп беру жиналыстары көшпелі түрде өткізілетін болды.
28 ақпан 2025 ж. 421 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930