Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мұнайының 80%-ы қайда экспортталады?

Қазақстан мұнайының 80%-ы қайда экспортталады?

Қазақстан мұнайының 80%-ы қайда экспортталады?2024 жылы Қазақстан өндірген мұнайдың 80 пайыздан астамы Еуропа елдеріне жөнелтілген. Негізгі сатып алушылар қатарында Италия, Нидерланды, Франция және Румыния бар, деп хабарлайды Egemen.kz Energy Analytics арнасына сілтеме жасап. Бұл көрсеткіш еліміздің энергетикалық нарықтағы бағытын айқын көрсетеді: Қазақстан мұнайы әлі де еуропалық тұтынушыларға бағытталған негізгі шикізат көзі болып отыр.
2024 жылғы алғашқы он импорттаушы ел (көлемі бойынша, тоннамен):
  • Италия – 43%;
  • Нидерланды – 12%;
  • Франция – 7%;
  • Румыния – 6%;
  • Грекия – 6%;
  • Қытай – 4%;
  • Испания – 3%;
  • Швейцария – 3%;
  • Түркия – 3%;
  • Басқа елдер – 13%.
Есепке сәйкес, Италия 2024 жылы Қазақстан мұнайының ең ірі импорттаушысы атанып отыр. Елге жеткізілетін жалпы экспорт көлемінің 43 пайызы дәл осы мемлекетке тиесілі. Алайда, Energy Analytics атап өткендей, статистикада Италия ең ірі импорттаушы болып көрінгенімен, қазақстандық мұнайдың нақты соңғы алушысы – Германия. Бұл ел шикізатты Италияның Триест портындағы терминал арқылы қабылдайды.
Сондай-ақ, еуропалық нарықта Нидерланды, Франция, Румыния және Грекия сынды елдер де белсенді сатып алушылар қатарында. Бұл Еуропалық Одақ елдерінің қазақстандық мұнайға деген тұрақты сұранысын көрсетеді.
Бұдан бөлек, Финляндия да Қазақстанмен ынтымақтастыққа қызығушылық танытып отыр. Ресейден энергия тасымалдау тоқтағаннан кейін, Финляндия жаңа серіктестер іздеп, Қазақстанды ықтимал әріптес ретінде қарастырып отыр.
Азия аймағында Қазақстан мұнайының негізгі алушыларының қатарында Қытай мен Түркия бар. Ал Оңтүстік Корея, Сингапур және Үндістан сияқты елдер импорт көлемі бойынша төменірек көрсеткішке ие. 
03 қараша 2025 ж. 348 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031