Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еуро-2024-ке қатысатын командалар белгілі болды

Еуро-2024-ке қатысатын командалар белгілі болды

Грузия, Польша, Украина 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алды.

Еуро-2024-ке қатысатын командалар белгілі болдыПлей-офф кезеңі арқылы Еурода бақ сынауға мүмкіндік алған бірінші команда Грузия құрамасы болды. Олар Грекияны пенальтилер сериясында (0:0, 4:2) ұтып үлгерді. Кейін оларға поляктар мен украиндар қосылып, Уэльс пен Исландияны турнирге жібермеді.
Еуро-24 топтарының құрамы:
А тобы: Германия, Шотландия, Венгрия, Швейцария.
В тобы: Испания, Хорватия, Италия, Албания.
С тобы: Словения, Дания, Сербия, Англия.
D тобы: Польша, Нидерланды, Австрия, Франция.
Е тобы: Бельгия, Словакия, Румыния, Украина.
F тобы: Түркия, Грузия, Португалия, Чехия.
2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі 14 маусым мен 14 шілде аралығында Германияда өтеді. Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңінің жартылай финалында Грекия құрамасынан жеңіліп қалды.
Футболдан Грузия ұлттық құрамасы Грекияны жеңіп, тарихта тұңғыш рет Еуроға жолдама алды.
Бұған дейін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы жолдастық кездесуде Люксембургтен 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

фото: aif.by

27 наурыз 2024 ж. 712 0

Қоғам

ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
10 қыркүйек 2026 ж. 67

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930