Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Грекия-Қазақстан кездесуінің бірінші жартысы жеңіліспен аяқталды

Грекия-Қазақстан кездесуінің бірінші жартысы жеңіліспен аяқталды

Грекия-Қазақстан кездесуінің бірінші жартысы жеңіліспен аяқталды
Афиныда Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жартылай финалындағы Грекия мен Қазақстан матчының бірінші жартысы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бірінші таймда гректер 4:0 есебімен жеңіске жетті. 9-минутта Анастасиос Бакетас пенальти, 15-минутта Димитриос Пелькас, 37-минутта Фотис Иоаннидис командасының үшінші голын соқты, 40-минутта Димитрис Курбелис гол соқты. 
Қазақстан құрамасы бұл ойынға келесі құраммен шықты: Шацкий, Вороговский, Ерланов, Марочкин, Быстров, Каиров, Астанов, Зайнутдинов, Бейсебеков, Чесноков, Самородов.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттар лигасының финалында Грекия-Қазақстан кездесуінің жеңімпазы Люксембург құрамасын 2:0 есебімен жеңген Грузия құрамасымен кездеседі. 
Финалдық матчтың жеңімпазы 2024 жылы Германияда өтетін футболдан Еуропа чемпионатына қатысу құқығын алады.


23 наурыз 2024 ж. 451 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930