Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім және ғылым вице-министрі Қызылордада

Білім және ғылым вице-министрі Қызылордада


Кеше Білім және ғылым вице-министрі А.Аймағамбетов Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.
Арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Білім және ғылым вице-министрі бірқатар білім беру ұйымдарында болып, атқарылған шаруалардың барысын бағамдады. Ең әуелі, облыстың техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы тың жаңалықтармен танысу бағытында «Абылайхан» атындағы жоғары колледжіне барып, одан әрі облыстық дарынды балаларға арналған №4 мектеп-интернатының оқу-тәрбие жұмысымен танысты.
Сонымен қатар, Қызылорда облысының білім саласы қызметкерлерімен кездесті. Биылғы жылғы Елбасы Жолдауында білім саласы бойынша нақты тапсырмалар беріліп, ұстаздар мен білім алушылар үшін жаңалықтарға толы жыл болды. Кездесудегі басты мақсат – Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындайтын білім саласы
бойынша мәселелер, қазақстандық білім жүйесіндегі өзгерістер жөнінде облыстың білім және ғылым саласы қызметкерлерімен талқылау екені де айтылды.

«Өскен өңір» ақпарат.
03 наурыз 2018 ж. 1 545 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930