Білім – бірінші кезекте
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның қазіргі дамуына жасаған еңбегі орасан зор. Ол мемлекеттің рөлін арттыруға байланысты іс-әрекеттердің жаңа бағыттарын айқындады.
Жыл басында жарияланған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы төртінші өндірістік революция жағдайында елді дамыту мәселесіне бағытталды. Елбасымыз келешектегі мақсатымызды айқындап, мүддемізді анықтап, жаңа бастамаларға жол ашуға бағыт беріп, бәрімізді революциялық дамуға жұмылдырып, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелеп, болашағымызға бағдар беріп отыр.
Қазақстанды әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына жедел қосу бағытында белсенді жұмыс жүргізудің жаңа мүмкіндігін көрсетті. Жүзеге асыруға тиіс алдымызда тұрған 10 міндетті айқындап берді.
Биылғы Жолдаудың бір ерекшелігі – мұнда білім саласының барлық сатылары бойынша нақты міндеттер айқындалған. Онда Елбасы орта мектеп, колледж, ЖОО үздік оқытушыларының бейнесабақтары мен бейнелекцияларын интернетке орналастыру керек екенін атап өтті. Бұл расымен, еліміздің түкпір-түкпіріндегі ұстаздарға қолжетімді әрі пайдалы дүние боларына сенімдімін. Сондай-ақ, бұл ауыл мен қалалы аймақтағы оқушылардың білімін теңестіруге жағдай жасайды деп ойлаймыз.
Әлия Смайлова,
№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі.