Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бәсекеге қабілетті тіл – қазақ тілі

Бәсекеге қабілетті тіл – қазақ тілі

Шиелі индустриалды – аграрлық колледжінде 5 қыркүйек «Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күні» мерекесіне орай қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің «Бәсекеге қабілетті тіл – қазақ тілі» тақырыбында апталық өтті.
Апталық барысында барлық топ білім алушылары қабырға газетін шығарды.
Апталық аясында колледж кітапханашысы Н.Әбдіжапбарова «Бәсекеге қабілетті тіл – қазақ тілі» тақырыбында баяндама оқып, «Ана тілім – асыл қазынам» атты кітап көрмесін өткізді. Сонымен қатар, «Туған тілім – рухани байлығым» тақырыбында дебат өткізді.
Колледж жас мамандары ағылшын пән мұғалімі С.Жұманазарова мен қазақ тілі пән мұғалімі З.Қойшыбаева «Ахмет – сөз көсемі» атты танымдық – шығармашылық кешін өткізсе, ағылшын тілі пән мұғалімі К.Тұрғанбаева білім алушыларға «Almaty is the largest city in Kazakshtan» тақырыбында аралас сабақ өткізді.
21 қыркүйек күні апталықтың қорытындысы ретінде тіл мамандары «Бәсекеге қабілетті тіл – қазақ тілі» тақырыбында әдеби сазды кеш ұйымдастырып, апталықта белсене ат салысқан және қабырға газетін шығарған, сөз жұмбақтарды дұрыс шешкен студенттерді директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары А.Күлтаева Алғыс хаттармен марапаттады.

"Өскен өңір" ақпарат
25 қыркүйек 2019 ж. 1 834 0

Соңғы жаңалықтар

МЕН ДЕ ГАЗЕТ ОҚЫРМАНЫМЫН

МЕН ДЕ ГАЗЕТ ОҚЫРМАНЫМЫН

11 желтоқсан 2023 ж.
Ата басылымды  үзбей оқимын

Ата басылымды үзбей оқимын

11 желтоқсан 2023 ж.

Қоғам

МЕН ДЕ ГАЗЕТ ОҚЫРМАНЫМЫН

11 желтоқсан 2023 ж.

Ата басылымды үзбей оқимын

11 желтоқсан 2023 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9158)

09 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 1-2

05 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 3-4

05 желтоқсан 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам