Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тілді меңгеру – заман талабы

Тілді меңгеру – заман талабы

Бүгінгі таңда «Туған жер қоғамдық қозғалысы» қауымдастығымен жүзеге асырылатын «Үштілділікті насихаттау» әлеуметтік жобасы аясында тіл мамандары мен білім саласының бір топ қызметкерлерінен облыстық ақпараттық-насихаттық топ құрылған болатын. Аталмыш топ дәстүрден жаңылмай, аудандық мәслихаттың мәжіліс залында тіл мамандары арасынан «Тілдерді меңгеру – заман талабы» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды.
Үштілділікті насихаттайтын іс-шара «Туған жер қоғамдық қозғалысы» қауымдастығының топ жетекшісі Құрманкүл Ерімбетованың алғы сөзімен басталды. Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының директоры Нұрсәуле Мұсаева, №2 «Мұрагер» мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлбану Тебегенова, №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Жанат Шалғынбаева, №112 Н.Ахмадиева атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Шынар Адамбаева сияқты топ мүшелері үштілділік туралы баяндама оқып, үштілді меңгеру жарқын болашақтың кепілі екенін түсіндірсе, аудандағы үштілді тегін оқыту курсының қазақ тілі маманы Айзада Әділбекова тіл мәселесі туралы сөз қозғады.
Жиын мектеп ұстаздары мен басқа да шараға қатысушылардың үштілділікті оқыту жайында қойылған сұрақтарына жауап берумен жалғасын тапты. Тренинг соңында қатысушыларға үштілділікке қатысты әдістемелік құралдар таратылды.

Ф.Нышанбекқызы.
07 сәуір 2019 ж. 3 134 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30