Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тіл тірегіміз – соғып тұрған жүрегіміз

Тіл тірегіміз – соғып тұрған жүрегіміз



Даналықтың, даралықтың басы қашанда мектеп табалдырығынан бастау алған. Киелі орда, қасиетті мекен саналатын «мектеп» атты ұлы шаңырақ талай асқар тау, шыңдардан да биік тұрары хақ. Тәуелсіз елдің бүгінін ертеңге жалғастырар жас жеткіншектердің бәсекеге қабілетті білімді де тәрбиелі болып өсуіне ерекше үлес қосып келе жатқан №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының алар орны ерекше. Өнегелі орда қос ғасырдың алтын көпіріндей қаншама жасқа бастау бұлақ кемеңгерлікке бастар, сара жол, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын елдік, теңдіктің арнасы болды. Аталған мектепте жуырда «Үштұғырлы тіл – жарқын болашақтың кепілі» атты апталық өткізілді. Апталық барысында «Сен қазақсың, себебі тілің қазақ!», «Үштілділік – жасампаз Қазақстанның жаңа көкжиегі», «Ана тілің – асылың», «Тіл тірегіміз – соғып тұрған жүрегіміз» тақырыптарында мәнерлеп оқу сайысы, дөңгелек үстел, көрме, білім сайысы, тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, оқушылар ағылшын тілінде көркемсөз оқыды. 6-7 сынып оқушылары арасында «Веселая грамматика» тақырыбында КТК өтті. «Үштілділік – уақыт талабы» тақырыбында көрме жасалды. Көрмеде үштілділікке байланысты көптеген жаңа кітаптар қойылды. Апталық қорытындысында белсенді қатысқан оқушыларға алғыс хаттар табысталды.

А.МОЛДАХМЕТҚЫЗЫ.
30 қазан 2018 ж. 1 682 0