Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Рухани жаңғыру - болашақтың жарқын жолы

Рухани жаңғыру - болашақтың жарқын жолы



Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы аясында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық көргені баршамызға аян. Қазіргі таңда қоғамды рухани жаңғыртудың басым идеялары барша жұртқа кеңінен насихатталуда. Осыған орай, жуырда Сұлутөбе ауылдық округінің әлеуметтік қызметкері Базаркүл Елжасарованың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру – болашақтың жарқын жолы» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен аудандық семинар өтті.
Семинарға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімінің балалар мен 18 жастан асқан адамдарға үйден әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Сара Көшкімбаева, аудандық педагогикалық-психологиялық-медициналық кеңес беру кабинетінің меңгерушісі Гүлнар Тымбаулиева, Сұлутөбе ауылдық округінің әкімі К.Маматов, Сұлутөбе ауылдық округіне қарасты №40, 41 орта мектеп директорлары, Сұлутөбе ауылдық әкімшілігінің мамандары, Шиелі ауданына қарасты барлық округтің әлеуметтік қызметкерлері, ата-аналар мен оқушылар қатысты.
Семинарда үйден әлеуметтік қызмет алатын оқушылар өздерінің білімдерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салды. «Бәсекеге қабілетті болу – заман талабы» бөлімінде оқушылар өздерін үш тілде таныстырып, ағылшын тілінде ән салса, «Салт дәстүрім – таусылмайтын қазынам» атты бөлімде балалар ұлттық салт-дәстүрімізден көріністер көрсетіп, ұлттық салт-дәстүр, әдет-құрып жайлы ұғымдарды қайта жаңғыртты. Ал, «Білімді мыңды жығар» бөлімінде оқушыларға логикалық және ойды сергітетін сұрақтар беріліп, білімдері сыналса, жаңадан еніп жатқан латын әліпбиіне негізделген жаңа әліпбидің тұсауы кесіліп, балалар жаңа әліпби бойынша сөйлемдер жазып, қанатты сөздерді оқыды. «Туған жердей жер болмас» бөлімінде туған өлкеге арналған өлеңдер оқылып, әндер шырқалды. Сондай-ақ, Шиелінің 90 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығы, Астана қаласының 20 жылдығы хақында жыр шумақтары оқылды. Үйден қызмет алушы балалармен «Жарық күн» тренингі де сәтті ұйымдастырылды.

К.Еспанова,
Сұлутөбе ауылдық округі әкімшілігінің шаруашылық есепті жүргізу және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі
бас маманы.
28 мамыр 2018 ж. 1 563 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930