Тәртіп болған жерде білім салтанат құрады
Қазіргі қоғамда ерекше талқылауға ие болып жатқан түсініктердің бірі – «Рухани жаңғыру» ұғымы. Елбасы мақаласында нақтылап айтып, «жаңғыру» үшін қандай міндеттер атқаруымыз керектігі талдап көрсетілген. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал, рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Ал, білім ұясындағы басты назар аударатын дүние – тәртіп. «Еліміздің ертеңгі тірегі болатын бүгінгі мектеп оқушыларымен, ата-аналарымен қатар өмірді танып білуге, өсіп, жан-жақты дамытып, білім шыңына жетелейтін мұғалім арасындағы ынтымақтастықтың тиімді, нәтижелі болуы әрбір мұғалімді, ата-ананы толғандырар мәселе» – дейді №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қанат Әмзеев.
Еңбек жолын 1998 жылы №181 орта мектепте тарих пәні мұғалімі болып бастаған Қ.Әмзеев 2004-2007 жылдары №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының педагог-психологы, 2007 жылдан мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін абыройлы атқаруда. Мектеп қабырғасындағы әрбір шәкіртке біліммен қатар тәртіп-тәрбие беру жұмысында жаңашылдықпен жұмыс істеп, мектеп-гимназияда «Мен азаматпын», «Мейірімді жүрек», «Қазақтың 34 әні мен күйі», «Оқуға ұсынылатын төрт кітап», «Ата-анаммен 3 күн», «Үздік оқушы» жобаларын үздіксіз ұйымдастыру арқылы ата-ана сеніміне ие болып келеді.
Ол тәрбиеге баса мән беретін, өз ісін жетік білетін жоғары санатты тәжірибелі маман, инновациялық бағытта жұмыс жасайтын педагог. Мұғалімнің: «Жалпы адам баласы өмірге келгенде не аламын деп емес, «болашақ жас ұрпаққа не қалдырамын, не үйретемін және қандай жақсы игі амалдарды бойларына сіңірте аламын» деп өзіне талап қоя білгені жөн. Ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу қиын. Ал, сол шәкірттерің ұстаздың тілін алып, тәртіпке бағынып, үлкен биік шыңға көтерілсе, міне, сол – бақыт. Ол – ұстаздың үлкен бір ерен еңбегі. Сондықтан, ұстаз бен шәкірт арасында өзіндік түсінік пен тәртіп және сыйластық болуы шарт. Бір сөзбен айтқанда, ұстаз бен шәкірт егіз ұғым, өзара байланыс» – деген әңгімесін тыңдап көңіліміз марқайып қалды.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» – дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Әрбір білімгер өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс. №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы бұл үдеден шығып, шәкірт тәрбиелеуде алдыңғы қатардан көрініп келеді.
Г.Әбдіханиқызы.