МЕКТЕБІМЕ ТАҒЗЫМ
№149 «Қызылту» орта мектебінде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұсынған «Туған жер» жобасын жүзеге асыру шеңберінде «Туған жерге тағзым: Мектебіме тағзым» акциясы бойынша еліміздің түкпір-түкпірінде білім, ғылым, мәдениет, құрылыс салаларында қызмет жасап жүрген мектеп түлектері алтын ұя мектептерінде кездесті. Шарада алғы сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов жылы лебізін білдіріп, игі тілектерін тіледі. Кездесуде «Нұр Отан» партиясының Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Патима Маханбет, Иіркөл ауылдық округінің әкімі Сламхан Монтаев, кәсіпкер Асқар Бердібаев, «КазАтомПром» Ұлттық компаниясының ЖШС РУ-6 мекемесінің «Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі» бөлімінің басшысы Нұрлан Халықов, №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының директоры Айнұр Архабаева естеліктерімен бөлісті. Кездесуге келген қонақтар мектептің шежіресінен сыр шертетін мұражай жұмыстарымен танысып, оқушылардың өнерін тамашалады. Аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Сейілханов мектепте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, мектеп бітіріп кеткен түлектерге лебізін білдірді.