Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ



Ағымдағы жылдың 15 мамыр күні барлық мектепте бірдей уақытта «Білімді ұлт – сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Жиынға Қызылорда облысының білім саласын бақылау департаменті, облыстық білім басқармасы, жергілікті атқарушы органдар, Қорқыт Ата атындағы қыызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары, қоғамдастықтар мен БАҚ өкілдері қатысты. Аталмыш жиналыстың мақсаты - жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жөніндегі мемлекеттік білім саясатын талқылауға ата-аналарды тарту болды. Сондай-ақ күн тәртібінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру- тәрбие негізі, 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау, оқу жылының қорытындылары, оқушылардың білім сапасы, мектептердегі қорғаншылық кеңестердің қызметі, отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту, оқу процесін цифрландыру, оқулықтарды әзірлеу және 100 үздік оқулықты аудару мәселелері талқыланды. Білімді ұрпақ тәрбиелеу кез-келген ұстаздың басты міндеті. Отбасы күні қарсаңында ұйымдастырылған шарада бала тәрбиесінде отбасының алар орны да ерекше, оған әрбір ата-ананың белсене атсалысуының маңыздылығы сөз болды. Расымен де, тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықта. Өйткені баланың басты ұстазы – ата-ана. Бүгінгі таңда балалардың сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті, болашақтары жарқын болулары үшін жаңартылған технология енгізілді. Қоғамда отбасы рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы және солай болып қала бермек. Сондықтан шаңырақтан алған тәрбие барша халқымыздың баянды болашағының айқын кепілі.
Өңірлік коммуникациялар қызметі.
16 мамыр 2018 ж. 1 657 0

Соңғы жаңалықтар

МЕН ДЕ ГАЗЕТ ОҚЫРМАНЫМЫН

МЕН ДЕ ГАЗЕТ ОҚЫРМАНЫМЫН

11 желтоқсан 2023 ж.
Ата басылымды  үзбей оқимын

Ата басылымды үзбей оқимын

11 желтоқсан 2023 ж.

Қоғам

Қызылша ауруынан сақтанайық!
11 желтоқсан 2023 ж. 68

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9158)

09 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 1-2

05 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 3-4

05 желтоқсан 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам