Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ - БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ"

"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ - БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ"



«Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы «Орман шаруашылығы» Бастауыш партия ұйымы «Айналайын» балабақшасында Партияның «Бақытты отбасы-Бақытты балалық шақ» жобасы аясында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарына арналған «Өзара желілік қарым-қатынас негізінде тәрбиелеу мен оқыту процесін дамыту» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өтті.
Әдістемелік семинар жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыру, балаларды мектепке дайындауға бағытталған инновациялық әдістер мен технологияларды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. 
Шараға Жалағаш, Сырдария, Қармақшы, Жаңақорған, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласының балабақша меңгерушілері, әдіскерлері және тәрбиешілері, барлығы 70 педагог қатысты.
Әдістемелік семинар жұмысын «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Маханбет Патима Шаймерденқызы, Қызылорда облыстық оқу орталығы директорының орынбасары Дихамбаева Гүлнар Батырбекқызы, Шиелі аудандық білім бөлімінің басшысы Сейілханов Болат Пернебайұлы ашты.
Семинардың басты ерекшелігі Астана қаласындағы №24 «Айналайын» балабақшасы мен Ресей мемлекетінің Санк-Петербург қаласындағы №32 балабақшасының жұмыс тәжірибесімен он-лайн режимінде таныстыру ерекшелігінде болды. Ақпаратты технология арқылы іс-тәжірибе алмасу нәтижесінде «Айналайын» балабақшасының педагогтары шығармашылықтың шексіздігін көрсете білді.
Шараның бағдарламасы аясында Монтессори педагогикасы бойынша «Ізгі тілекті хаттар» тақырыбында шеңбер өткізілсе, «Ас атасы -нан» тақырыбында «ТРИЗ» әдістерін қолдана отырып ойлау қабілетін дамытатын жаттығулар, Жобалау әрекеті бойынша «Біз еңбекқор баламыз» атты кіріктірілген оқу қызметі, «Денсаулық сақтау технологиясы» бойынша «Алтын балық патшалығында» атты жабық бассейіндегі шынықтыру, «Анашымның қолдауы» тақырыбында ата-аналар клубының отырысы, «Менің туған өлкем» Астана қаласындағы «Айналайын» балабақшасымен онлайн кездесу, «Таныс болыңыз, бұл менің елім!» Санк-Петербург қаласындағы №32 балабақшасымен онлайн кездесулер өткізілді. 
Семинар қорытындысында қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, «Айналайын» балабақшысының шығармашыл педагогтары арнайы сертификаттармен марапатталды.
Нұр Отан Шиелі Ауданы.
19 сәуір 2018 ж. 3 445 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031