Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Білімді ұрпақ білікті тәрбиешіден шығады

Білімді ұрпақ білікті тәрбиешіден шығады


Жуырда «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының қолдауымен Рухани жаңғыру бағытында партияның «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында «Мәдениет» бастауыш партия ұйымы №244 Ы.Жақаев атындағы орта мектеп жанынан құрылған «Нұрсила» шағын орталығында «Үздік тәрбиеші-2018» байқауы өтті. Шараға «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Шаймерденқызы, «БекАру-2» жеке балабақшасының меңгерушісі М.Садуақасова және №244 мектеп директоры М.Қиясқызы қатысты.   

         Аталмыш сайысқа аудан бойынша мектеп жанынан құрылған 10 шағын орталықтың тәрбиешілері қатысты. Байқаудың шартында көрсетілген өзін-өзі таныстыру, панорамалық ұйымдастырылған оқу қызметі, портфолио жинақтау, педагогикалық жағдаяттарды шешу және өз өнері мен тест сұрақтарына жауап беру сынды кезеңдерден мүдірмей өткен тәрбиеші жыл үздігі атанады. Мұндағы мақсат мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, шғармашылық қабілетін жетілдіру, ұжымдық қарым-қатынасқа психологиялық бейімдеу әрі өзара тәжірибе алмасуды көздейді. Сондай-ақ, қазіргі заман талабына сай  озық технологияны жетік меңгере білетін маман даярлау болып табылады.
         Бала тәрбиесінде озық тәжірибесін көрсете білген «Нұрсила» шағын орталығының тәрбиешісі бас жүлдені иеленсе, І орын «Жұлдыз», ІІ орын «Балауса», келесі жүлде «Ботақан» шағын орталығының тәрбиешісіне бұйырды. Балабақша баланың білім алар бастау бұлағы. Сондықтан, әрбір тәрбиеші күнделікті өмір ағысына қарай білімі мен біліктілігін толықтырып отыруы тиіс. Ал, осындай игі шаралар адами капиталды қалыптастыратын білім бәсекесін тудырады.
Г.ДҮЙСЕБАЙ.
          
01 наурыз 2018 ж. 1 794 0