Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » НАҚТЫ ЖОСПАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

НАҚТЫ ЖОСПАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ


Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде «Партия – бұл біз» тақырыбында «Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымдары мен партия белсенділері арасында дөңгелек үстел өтті. 
Шараға «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров, Саяси кеңес мүшесі, колледж директоры Ерұлан Қарағұлов және бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, белсенді азаматтар, «Жас Отан» Жастар қанатының мүшелері қатысты.
Ерұлан Қарағұлов қатысушыларды партиялық жаң­ғырудың нақты жоспарымен таныстырып, Қазақстанның экономикалық, саяси және рухани салаларында жаңғыртуды қолдай отырып, жетекші саяси күштің рөлін арттыруға бағытталған жеті бағытқа жеке-жеке тоқталып өтті.
«Партия – бұл біз» – мұғалімдер, дәрігерлер, жұмысшылар. Біз ел тағдырына жауап береміз. Партия ең алдымен, халықтың жағдайын жақсарту мақсатында үнемі экономика мен саясатта ауқымды реформаларды жүзеге асырады, – деді өз сөзінде Е. Қарағұлов.
Партияның Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров «Нұр Отан» партиясы – барлық жауапкершілікті білетін саяси күш ретінде ұлттық патриотизмге жетуге баса назар аударатындығын, партияны жаңғырту және оның саяси жұмысына жаңа үлгілер мен әдістерді қолдану аса қажет екендігі туралы айтты.
Қазіргі таңда аудандық филиалында 149 бастауыш партия ұйымы бар. Нұротандықтар саны – 13942 адам.
Іс-шараға қатысушылар өзара пікір алмасып, бастауыш партия ұйымдарының алдында тұрған басты мақсаттар мен міндеттерді белгіледі.
Хорлан МЕДЕТБАЙ
09 ақпан 2018 ж. 1 547 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

№75 (9342)

04 қазан 2025 ж.

№74 (9341)

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031