Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сағадиев: 15 мамырда ата-аналарды жұмыстан ерте жіберулеріңізді сұраймыз

Сағадиев: 15 мамырда ата-аналарды жұмыстан ерте жіберулеріңізді сұраймыз



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі барлық жұмыс берушілерге ағымдағы жылдың 15 мамырында оқушылардың ата-аналарын жұмыстан ерте жіберуді сұрады.

Бүгін ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында Білім министрлігінің басшысы Ерлан Сағадиев биылғы жылы жалпыұлттық ата-аналар жиналысы 15 мамырда өтеді деп мәлімдеді.
«15 мамырда екінші жалпыұлттық жиналыс болады. Өздеріңіз білетіндей, ата-аналардың орта есеппен 10-15% -ы ғана жиналысқа барады. Өткен жылы жалпыұлттық жиналысқа оқушылардың 80 пайызының ата-аналары келді. Бұл жақсы көрсеткіш. Сондықтан, биылғы жылы бұл нәтижені қайталағымыз келеді. Министрліктің атынан барлық жұмыс берушілерден, соның ішінде мемлекеттік органдардан 15 мамырда  ата-аналарды жұмыстан ерте жіберулеріңізді сұраймыз. Себебі, ата-аналар уақытында мектепке келіп, балалары оқып жүрген білім ордасының өмірімен егжей-тегжейлі танысулары керек»,-деді Білім министрлігінің басшысы Ерлан Сағадиев.
 Stan.kz
13 мамыр 2018 ж. 1 615 0

Қоғам

Малы саудың жаны сау
11 қыркүйек 2026 ж. 88

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930