Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жарқын болашаққа бастайды

Жарқын болашаққа бастайды



Қазақстанда орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілеті мен белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірде оны қолдана білуге бағыттау – ұстаздың басты міндеті болуымен қатар, оларға жүктелер жауапкершілік жүгін де еселейді. Бүгінгі күні дамыған елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені, қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының білім деңгейімен анықталады. Сондықтан, білім беру жүйесі заман талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды жаңартылған білім беру бағдарламасының талабына сай инновациялық әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Осы орайда №49 орта мектепте жаңартылған білім жүйесіне еніп, үштілді оқыту жұмыстарын бастап кетті. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге белсенді түрде енгізіле бастауы көңілді қуантады. Бұл жолда алдымен ұстаз қауымы көп ізденіп, толассыз еңбек етуі тиіс. Міндетіміз ауыр, мақсатымыз айқын. Отандық білім беру саласында әлемдік тәжірибедегі алдыңғы қатарлы идеяларды басшылыққа ала отырып, жаңаша ойлай алатын білімді оқушылар қатарын көбейтсек, жақсы нәтижеге жеттік деп білеміз.

Гүлзира Абдреева,
№49 орта мектептің бастауыш мұғалімі.
15 мамыр 2018 ж. 1 504 0