Айтбайдан «Ақ ордаға» дейін
№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының іргетасы 1922 жылы Шиелі қыстағы, қазіргі «Бидайкөл» ауылында екі кластық сауат ашу мектебі болып, Айтбай деген кісінің үйінде қаланды.
1931-32 оқу жылында мектеп Айтбай сарайынан шығып, жаңа мектеп үйіне ауысқан. Осы жылы мектепке «Октябрьдің 14 жылдығы» деген ат берілді. Білім ордасы 1959-60 оқу жылынан бастап, өндірістік білім беретін он бір жылдық білім ошағына айналып, №45 қазақ орта мектебі деп аталды. Он бір жылдық мектепке айналуына байланысты 1962 жылы мектеп бітірушілер болған жоқ. 1965 жылға дейін 458 оқушы мектеп бітірді.
Тәуелсіздіктен кейін, білім жүйесіне жаңаша бетбұрыс болып, құрылымдарына жаңаша өзгеріс алып келді. 1994 жылы 18 тамызда аудан әкімінің №210 қаулысымен мектеп-гимназия болып қайта құрылды. «Ақ Орда» деп атау қоюуының өзі тарихтан сыр шертеді. ХІІІ-ХV ғасырда Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс Қазақстанды мекендеген түркі тайпаларының басын қосқан, қазақ болып қалыптасудың негізі болған одақтың киелі аты болып табылады. Ал, екінші мағынасы үлкен шаңырақ деген атауға ие. 80 жылдық тарихы бар іргелі мектеп өнегелі ұл-қыздар мен ұлағатты азаматтарды, көрнекті қоғам қайраткерлерін, ұлы кісілерді тәрбиелеп шығарып отырған қасиетті қара шаңыраққа айналып отыр.
Гимназия бүгінде жаңартылған білім беру мазмұны бойынша семинарлар, көкейтесті мәселелерімен шұғылданатын білім ордасына айналған. Сондай-ақ, мұғалімдер шығармашылықпен жұмыс жүргізіп, ғылыми бағытта топтар біріктіріп, оқушылрды білім нәрімен сусындатуда.
Жұлдызай
Ноғайбайқызы.