Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «СТАЛКИНГТІ ТОҚТАТ!» форумы өтуде

«СТАЛКИНГТІ ТОҚТАТ!» форумы өтуде

ОПД-нің 2026 жылғы 10 ақпандағы №164 н/б санды бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 18–26 ақпан аралығында аудан көлемінде «СТАЛКИНГТІ ТОҚТАТ!» атты форум іс-шарасы өткізілуде.  Форумның басты мақсаты – отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында орын алатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, тұрғындар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейту және қоғамдағы зорлық-зомбылық көріністеріне жол бермеу. Іс-шара барысында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» және «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заң талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың сақталуы қадағаланады. Сонымен қатар, құқық бұзушылыққа бейім азаматтарды анықтау, олармен профилактикалық әңгімелер өткізу, тиісті есепке алу шаралары қолға алынуда.
Форум аясында білім беру мекемелерінде, мекеме-ұйымдарда және халық көп жиналатын орындарда кездесулер, дөңгелек үстелдер мен түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылуда. Аталған шара қоғамдағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.
20 ақпан 2026 ж. 31 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (9380)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (9379)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (9378)

10 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728